Орталық кітапханада Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

Бүгін Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласын насихаттау, түсіндіру мақсатында Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында жиын өтті. Жиында Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің архивисті Мақұлбек Рысдәулет, облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының аға ғылыми қызметкері Сауран Қалиев Елбасы мақаласына пікір білдірді. Бұл мақала “Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының жалғасы екенін Елбасының өзі атап өткен болатын. Бұл мақала да елімізге, халқымызға дәл солай үлкен серпіліс әкелетіні айқын. Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, на­си­хаттау әрі сақтау елді бекем­деудің тікелей кепілі. Ай­ты­лып өткен мәдени құн­­ды­лық­тарымыздың қо­ғам сана­сының тарихи жа­ңаруы үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып отыр­ған жобалар толықтай жауап беретіні анық. Оның ішінде, ежелгі дәуірден қа­зір­гі заманға дейінгі кезең­ді қамтитын барлық отан­дық және шетелдік мұрағат­тар дү­ниесіне елеулі іргелі зерттеу­­лер жүргізу үшін «Архив – 2025» жетіжылдық бағ­дар­ла­ма­сын іске асыру елі­міз­дің тарихын түгендеуге мүм­кіндік береді. Түркі әлемі ежел­ден Қазақстан­ды − күл­лі түркі халықтары­ның қа­сиетті қарашаңыра­ғы ретін­де мойындайды. Ал Түркі­стан халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін кие­лі орын болып саналады деген сөздер әр­бір қазақ­тың жү­­ре­гіндегі мақ­таныш сезі­мін оятады. Қазақ халқының өмір сүру дағды­сы, тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы білу, соны сақтап кейінгіге үйрету ұр­­па­қ­тарының парызы. Ашқан жаңа­лық­тарын, жеткен жетістіктерін кейін­гіге аманаттап кетеді. Сол аманатты Елба­сымыз Түркі әлемінің бесігі – Тәуелсіз Қазақ­станның жастары­на «Жастар жылын» жариялай отырып, шыққан тек­тері­мен таныстырған мақа­ла жолдап отыр.

Жиында “Қазақстан” РТРК” АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Жасұлан Әбдіхалық “Жас келсе – іске” деп, мақаланы насихаттап қана қоймай, іс жүзінда жүзеге асыру керектігін алға тарта отырып, өзінің бірнеше жоспарларымен бөлісті. Елбасы мақаласы мұнан өзге көптеген алқалы жиындарда талқыланып, көпшілік арасында насихаттала түспек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444