Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қоғамдық қабылдау өткізеді
«Даму» жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бақылау» қоғамдық қабылдауының ашылғандығын хабарлайды. Қоғамдық қабылдау Түркістан облысының барлық ауданы мен қалаларының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады.
Жобаның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықты қолдану тәжірибесін бағалау мен зерделеу және қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау. Қоғамдық қабылдау кезінде «Қазақстан Республикасының мелекеттік қызметі» туралы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» туралы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңдарының және «Қазақстан Республикасыны мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің » талаптары бойынша кеңестер беріледі. Аталған мәселелерге қатысты кез келген мәлімет назарға алынып, тиісті қорытындысы шығарылатын болады.