ЕХРО BtoBe базасында қазақстандық және италиялық бизнесмендердің кездесуі өтті

Дүниежүзілік EХРО-2017 көрмесінің корпоративтік павильонында ЕХРО BtoBe базасында қазақстандық және италиялық бизнесмендердің кездесуі өтті, деп хабарлайды ұйымдастырушылар. Іскерлік орта өкілдерінің кездесуіне 60-қа жуық компания қызметкерлері қатысты. Ломбардия өңірінің италиялық компаниялары өздерінің мұнай-газ, механика, тұрмыстық техника, косметология мен фармация, тоқыма, интерьер дизайны салаларындағы жобаларын таныстырды. Қазақстан өкілдері кездесуде құрылыс, мұнай-газ, атом, теміржол, фармацевтика, денсаулық сақтау, авиация, мейрамхана және жиһаз салаларындағы ірі және шағын және орта компанияларын таныстырды.

В2В форматындағы келіссөздер барысында екі елдің кәсіпкерлері өзара ынтымақтастықтың одан арғы қадамдарын талқыға салып, Қазақстанның инвестициялық жобаларымен танысты. Ломбардия өңірінің министрі Антонио Россидің айтуынша, Қазақстан мен Италия бизнесмендерінің өзара ықпалдастығы мен олардың бір-бірімен ынтымақтастықта қызмет етуге деген ұмтылысы екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынастарын дамыту әлеуетінің зор екендігін көрсетті. «B2B форматындағы кездесулер тек серіктестер мен инвесторлар тауып қана қоймай, бизнесін әлемдік талаптар негізінде дамытқысы келетін компаниялар үшін өте тиімді»,-деді Росси өзінің сөзінде.  Айта кетейік, Италияда «EXPO MILANO-2015» Дүниежүзілік көрмесі жабылуының ресми рәсімінде ЭКСПО жалауын Қазақстан Республикасына салтанатты түрде табыстау рәсімі өткен болатын. Сол сәтте, жалауды тапсыру ресми рәсімінің барысында «Астана «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен ЭКСПО-2017 Бас комиссары Рәпіл Жошыбаев ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес пен ЭКСПО-2015 көрмесінің Бас комиссары Бруно Паскуинодан ЭКСПО жалауын қабылдады. Миланда өткізілген «ЭКСПО-2015» дүниежүзілік көрмесі көрмелерді өткізу тарихындағы ең табыстылардың бірі болып танылды, оған шамамен 21 млн. келуші келген. Аталған көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны «Тақырып пен контентті ең үздік ашу» аталымында үздік павильондардың үштігіне кірді. Сөз сөйлеу барысында Италия Республикасының Президенті Серджио Матарелла Италиядағы көрменің барлық қатысушыларына алғыс айтып, «Астана «ЭКСПО-2017» көрмесінің табысты өткізілуіне сенімділігін білдірген болатын.

Б.ҮПІБЕК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444