Тиімді басқару — заман талабы
Мемлекет қазынасына шығын келтірмей, жобаларды жоспарлап, тиімді жүзеге асыру. Заман ағымына қарай өзгерістерге бейімделе білу. Бұл талапқа әрбір мемлекеттік қызметкер сай болуы тиіс. Десе де, жобаларды басқару кезіндегі кәсібилігін жоғарылату үшін аймақта 5 күндік семинар оқуы басталды. Мұнда өңірлерден шақырылған мемлекеттік қызметшілер мамандардан дәріс алып, өзара тәжірибе алмасады.
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру қажеттілігі Елбасының кезекті Жолдауында нақтыланған. Сондықтан сала басшысы тек қана басқару емес, халықтың сұранысын қамтамасыз ету керек. Тез шешім қабылдап, жаңа технология қыр – сырын игеруге жиырмадан астам мемелекеттік қызметші оқытылды. Әлемдегі барлық мемлекеттердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлес салмағы ерекше. Республикамыз тәуелсіздік алған жылдар аралығында Президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен мемлекетті қалыптастыру бағытында ауқымды істер атқарылды. Елбасымыз «Қазақстан 2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттілікті одан әрі нығайту халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұрғанын атап өтті. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар жүзеге асып, мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісі әзірленді. Қоғам мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды және өзiнiң Отаны — Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп, сенiм бiлдiредi. Сондықтан, оған деген үлкен жауапкершілікті әрбір мемлекеттік қызметші сезіне білу керек.
Алданбек Таусаров — Талас аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы
Дәріс оқитын мамандар шетелде білімін шыңдап, басқару ісіндегі озық тәжірибелерді жинақтаған. Олар Батыстың көшірме үлгісі емес, Қазақстанға тиімді тұстарын айтамыз дейді. Семинар соңында тыңдаушылар Ұлттық стандартқа сәйкес сынақтан өтіп, «Жоба басшысы» кәсіби құжатына ие болады.
Жанар Тайжанова – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы
Шара облыс бойынша мемлекеттік басқару академиясының филиалы негізінде ұйымдастырылған. Семинар барысында анықталған үздіктер жобаларды тиімді басқаратын арнайы тізімге енгізілетін болады.
Дереккөз: taraztv.kz
http://taraztv.kz/kz/news/society/tiimdi-baskaru-zaman-talaby