Сүт бағытындағы мал шаруашылығы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 60-қадамында: «Сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту. Негізгі міндет: үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта Жамбыл жерінде сүт кластерін дамыту үшін бүгінде нақты жұмыстар жүргізілуде. Ол жол бойындағы тауарлы сүт фермаларының ашылуымен байланысты. Мәселен: Қордай ауданындағы «Қақпатас- Қордай» серіктестігі биыл Германиядан 200 бас сүтті бағыттағы ірі қара малын алып келген. Қордай ауданындағы Қақпатас ауылында орналасқан сүт өндіру кешенінде бұрын қазақтың Алатау сиырлары ұсталса, биыл Германиядан 200 бас Швиц атты ірі қараның жаңа тұқымы алынды. Бұл тәулігіне 25 литрге дейін сүт беретін асыл тұқымды сиыр. Шаруашылықтың негізгі мақсаты да сол сүт бағытын жандандыру. «Қақпатас- Қордай» серіктестігі Германиядан әкелінген «Делаве» атты жаңа қондырғы орнатты. Оның сиыр саууға тиімділігі зор. Бір мезетте 24 бас ірі қара осы жерге әкелініп, оны екі сүт фермасының қызметкері арнайы құрылғымен сауып алады. Сүттің майлылығы, сапасы мен өзге де қасиеттерін жоғарыдан бақылап отыратын оператор арнайы компьютер арқылы бірден шығарады. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жұмыстары Қордай ауданында жақсы жолға қойылып отыр. Биыл тағы да бірнеше шаруашылық осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін несие алуға өтініш берген. Ал,  Меркі ауданындағы Меркі ірімшік зауыты қазір ауылшаруашылығы кооперативтермен жұмыс істеуді арттырып отыр. 1954 жылдан бастап жұмыс істейтін Меркі ірімшік зауыты бүгінде сүт өнімдерінің 10-нан астам түрін шығарады. Оның ішінде атақты Меркі майы, айраны және сыры еліміздің өзге де облыстарына тасмалданады. Қазір күніне 15 тоннаға дейін сүт қабылдайтын мекемеде 140 адам тұрақты жұмыс істейді. Меркі ірімшік зауыты былтырғы жылы үкіметтен 6,5 миллион теңге субсидия алып, сүт өнімдерінің сыртқы қорабы мен қаптауыш қағаздарын жасайтын құрылғы алды. Бұл шығарылатын өнімге шикізатты 100-пайызға дейін зауыттан істеуге мүмкіндік туғызды. Кәсіпорын жұмысшылары екі ауысымда еңбек етеді. Айлық-жалақылары да тұрақты. Меркі ірімшік зауытының басшылығы Елбасының бес әлеуметтік бастамасында көрсетілгендей несиені жеке үй жанынан құрылған зәкірлі кооперациялар жобаларына бағыттау керектігін айтып отыр. Себебі, осы арқылы сүт зауыттарындағы шикізат тапшылығын жоюға болады. Әйтпесе, бұл кәсіпорынның күніне 50 мың сүт қабылдауға дейін мүмкіндігі бар.

Дереккөз: taraztv.kz

http://taraztv.kz/kz/news/society/sut-bagytyndagy-mal-sharuashylygy

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444