Қала күніне “Тараз – менің сүйікті қалам!” атты мерекелік іс-шара өтті
Тараз қаласында “Қала күніне” арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қала күніне орай өңірде Жамбыл Жабаев ескерткіші, темір жол маңындағы «Тараз» сквері, Қайрат Рысқұлбеков саябағында оның ескерткіші, «Тәуелсіздік ұшқыны» аллеясы, «Ғибрат» орталығы ашылып, Желтоқсан скверінде «Желтоқсан толқыны» субұрқағы іске қосылды. Сонымен қатар, қайта жаңғырған «Жеңіс» саябағында бірқатар ескерткіштердің ашылды. Мәселен, тыл еңбеккерлеріне арналған, «Чернобль» атом электр стансасының зардабын жоюға қатысушыларға арналған ескерткіштердің және Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің ашылуы болады.
Сондай-ақ, «Үшбұлақ» демалыс орны пайдалануға берілді. Жаңа нысандардың ашылуына облыс жұртшылығы қатысты.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағында, Тұрар Рысқұлов атындағы саябақта, “Көне Тараз” тарихи-мәдени орталығында, “Тараз Арена” спорт сарайында түрлі форматтағы шаралар өткізілді.
Айта кетейік, мерекелік шаралар Жуалы, Меркі, Талас, Жамбыл, Сарысу, Шу, Қордай аудандарынан дайындалған концерттік бағдарламалармен сүйемелденді. Кешке “Достық” орталық алаңында “Тараз – менің сүйікті қалам!” атты мерекелік іс-шара жалғасып, отшашумен түйінделді. Концерттік бағдарламаларда қазақстандық эстрада жұлдыздары – Досымжан Таңатаров, Саят Медеуова, Бағдат Сәмединова, Қуандық Рахым, Арай Серікхан және “OXFORDS live band”вокалды-аспапты ансамбльдерінің орындауында әндер шырқалды.