Облыстағы тұрғын үйлер жылыту маусымына дайын

Облыстағы тұрғын үйлер жылыту маусымына 100 пайыз дайын. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында  облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев, «Тараз Транс Энерго» КММ директоры Жақсылық Жогибаев, Тараз қалалық әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Қайсар Дүйсенбаевтың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Бүгінгі күнге облыс бойынша жылумен қамту көздеріне, бюджеттік нысандардың және көпқабатты тұрғын үйлердің 3250 нысанның барлығы қосылған, яғни 100%. Олардың ішінде, білім беру 794 нысаны немесе 100%, денсаулық сақтау 406 немесе 100%, әлеуметтік нысандары немесе 100% және облыс бойынша 1497 көп қабатты тұрғын үй жылуға қосылған.

Ал, Тараз қаласы бойынша жылыту маусымы 10 қазаннан басталды, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында жылыту маусымы аудан әкімдерінің өкімдеріне сәйкес 15 қазаннан басталды.

Сондай-ақ, тиісті құқықтық нормативтік құжаттарға және құрылыс нормасына сәйкес өңіріміздегі мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандарда жылыту маусымының ұзақтығы 164 күнді құрайды. Ал емханаларда, медициналық мекемелерде, интернаттарда, мектепке дейінгі мекемелерде 180 күнге дейін жалғасады.

Көпқабатты тұрғын үйдің жылыту маусымына дайын екендігін растау туралы дайындық төлқұжаты дайындалады. Арнайы құрылған комиссия, яғни тұрғын үйдің төрағасы, ПИК өкілі, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкері мен сол ауданға қатысты Тараз қаласы әкімінің аумақтық бас инспекторы үйдің дайындығын тексеріп, дайын екендігін растайтын дайындық төлқұжатына қолдарын қойып, үйді қабылдап алады.

Сонымен қатар, «Таразтрансэнерго», «Жамбыл-Жылу», «Темір жол-Жылу», «Жаңатас-Су-Жылу», «Игілік», «Шу-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары, «София» ЖШС і секілді қуаттылығы 100 Гкал/сағ жылу энергиясын қамтамасыз ететін кәсіпорындарға 2018-2019 жылғы күзгі-қысқы маусымда жұмысқа дайындық төлқұжаты жергілікті атқарушы органдар тарапынан берілді. Электр қуаты 5 МВт асатын «Таразэнергоорталық» АҚ дайындық төлқұжатын Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінен алады.

Бүгінгі күнгі өзекті тақырыптардың бірі тұтынушыларға жалпы жылу есептеу аспаптарын орнату қажеттілігі.

Сонымен қатар, облыста жалпыүйлік есептегіш құралдарын орнатудың деңгейі бүгінде 79,8 пайызды құрап отыр. Оның жоспар бойынша 1249 орнатылуы керек, әзірге 997 бірлігі қойылды. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры» АҚ-мен өткен жылы 435 жалпыүйлік жылу есептегіш құралдарын орнату үшін 363 030,0 миллион теңгеге қаржылық келісім-шарт жасалды. Бұл іс одан әрі жалғасуда. Қала тұрғындарымен осы мәселенің тиімділігін түсіндіруге байланысты 150-ден астам кездесу өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444