Несібе табуға несие септеседі

Бүгінде несиемен несібесін арттырғандардың қатары артып келеді. Мемлекеттік бағдардамалардың арқасында Түркістан облысында шағын несие алғандардың қатары артуда. Президент тапсырмасы бойынша қазіргі таңда Түркістан облысында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асыру аясында атқарылып жатқан игі істер аз емес. Шымкенттегі Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, шағын кәсіпті дамыту бойынша қалада 2018 жылдың қаңтар айынан бері, яғни жыл басынан қазірге дейін 290 адамға сертификат берілген. Оның ішінде 64 азамат кәсібін дамытып, өркендету үшін 829 млн теңге көлемінде микронесие алған. Оларды атап айтсақ, 11 пайызбен  немесе 7 кәсіпкер ірі мал бордақылау ісімен айналысу үшін алған. Бүгінде ісін ілгерілетіп келеді.  47 пайызбен  30 кәсіпкер ниет білдірген. Яғни, қызмет көрсету саласы бойынша алған.  Ал 17 пайызбен  11 азамат өнеркәсіп саласына алған.  3 пайызбен 2 кәсіпкер білім саласына, 20,5 пайызбен 13 азамат сауда-саттық үшін алған. 1,5 пайызбен 1 азамат құрылыс саласын дамыту мақсатында алған. Еске сала кетсек, Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірі «Шағын несие беруді көбейту» деп аталады. Онда өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындар арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген шағын несие берілуде. Нәтижесі де жаман емес. Бүгінде кәсіпкерлер сан салада өнім өндіріп, өңірдің өнеркәсібін өрге сүйреп келеді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444