Бар жақсылық әлеумет үшін…

Түркістан облысына қарасты Келес ауданына Ұшқан ауылдық округінде жер телімі беріле бастады. Келес ауданы Ұшқын ауылдық округінің Достық елді мекенінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында оңайлатылған бас жоспарға сәйкес инфрақұрылымдары жүргізіліп тұрғын үй құрылысы үшін алқап дайын болды. Оңайлатылған бас жоспарға сәйкес аумағы 95,5 га жер дайын алқапта 356 тұрғын үй құрылысы және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, мектеп аумағы үшін — 2,40 га, мешіт аумағына — 0,73 га, 2 коммерциялық нысан аумағына — 0,30 га қарастырылған.
Қазіргі таңда, Ұшқын ауылдық округі халық саны – 7223 құраса, Ұшқын елді мекенінің үлесінде — 3743, Достық елді мекенінде – 2310, Қоралас елді мекенінде – 1170 тұрғынды құрайды. Оның ішінде 830 адам тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне тіркелген. Қазіргі таңда, тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға Ұшқын ауылдық округінің әкімінің шешімі қабылданып жер телімі беріле бастады. Бар жағдай әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін атқарылуда. Ауыл халқының жағдайын жақсарту үшін алда талай жұмыстар атқарылмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444