Түркістан облысында қоғамдық көліктер жаңартылатын болады
2019 жылдан бастап Түркістан облысындағы қоғамдық көліктердің 70 пайызы кезең-кезеңімен жаңартылады. Бұл туралы Түркістанда өткен автобустық тасымалдауды дамытудың кешендік бағдарламасын іске асыруға арналған форумда айтылды. Жиынға еліміздегі автобус құрастырумен айналысатын зауыт өкілдері, аймақтағы жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус паркінің басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Асхат Шалабаев облыстағы ауданаралық жолаушылар тасымалымен айналысатын серіктестік басшысының орынбасары. Автопаркте күнделікті тасымалмен айналысатын 80-нен аса автобус бар. Бірақ оның 50-інің тозығы жеткендіктен жаңартуды қажет етеді. Бүгін Асхат сияқты форумға қатысқан автопарк басшыларына үкімет бекіткен автобустық тасымалды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасы таныстырылды. Бағдарламамен 15 пайыздық алғашқы жарнаны төлеп, 7 пайызбен 7 жылға несие алуға болатындығы түсіндірілді. Бұл ескі автобусын жаңарта алмай жүрген тасымалдаушылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Асхат Шалабаев, серіктестік басшысының орынбасары: — Егер жүзеге асса, нұр үстіне нұр болар еді. Қазір біздің облыстағы тарифіміз басқа облыстарға қарағанда өте төмен. Сол себепті бізге алғашқы жарна ретінде 15 пайызын төлеп алған тасымалдаушылардың барлығына жеңіл болар еді. Түркістан облысында жолаушылар тасымалымен айналысатын 1500 қоғамдық көлік бар. Оның 70 пайызы, яғни 800-ге жуығы 12 жылдан артық жүргеніктен әбден ескірген. Енді үкімет бекіткен бағдарлама бойынша 2019 жылдан бастап облысындағы ескі автобустар кезең-кезеңімен жаңартылатын болады. Мақсат Мырзабаев, облыстық жолаушылар басқармасы басшысының м.а.: — 2019 жылдан бастап осы мәселені толығымен кезең-кезеңімен жаңалатуды қарастырамыз. Сол себепті бүгін жиналып отырмыз. Бірінші 2019 жылдан бастап автобустар алу мәселесі, әр азамат тасымалдаушы өздеріне ыңғайлы қалаға, ауданаралық бағыттарға тиісті автобустарды алады. Форумға тасымалдаушылардан бөлек, елімізде автобус құрастырумен айналысатын зауыт өкілдері де қатысты. Енді автопарк басшылары осы кәсіпорындармен келісімшартқа отырып, үкімет бекіткен тиімді бағдарламаның игілігін көруі керек. Сонда облыс тұрғындары алдағы жылдан бастап қауіпсіз әрі зауанауи қоғамдық көліктердің қызығын көретін болады.
24.kz