Тараздағы балабақшада инклюзивті білім беру бағытында кабинеттер ашылды
Тараз қаласындағы №41 «Айналайын» балабақшасында тұлғаны дамыту және психо-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.
Жаңадан ашылған кабинет Монтессори әдістемесі бойынша жасақталып, заманауи құрылғылармен жабдықталған. Жалпы, бұл жүйенің басты мақсаты – еркін шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу және ол негізінен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналады. Сондықтан аталған әдістеме бойынша қаламызда инклюзивті білім беру бағыты дамытылып, олардың толыққанды балаларға айналуына септігі тиеді, – дейді мамандар. Инклюзивті білім беру дегеніміз – кедергілерді жоюмен ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды оқыту процесінде енгізугебағытталған білім беру процесі және олардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасында 2000 жылдардан бастап білім беру саясатында ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты жаңа бағыттар қалыптасуда, балаларды әлеуметтендіру, тәрбиелеу, білім беру, әлеуметтік
қолдау және бейімдеудің тиімді жолдарын белсенді іздеу жүргізілуде. Жалпы білім беру жүйесіне ерекше қажеттілігі бар балаларды дені сау құрдастарымен білім беру ортасына кіріктіру бойынша процестер енгізіле бастады. Ерекше білім беруге қажеттілігі барбалаларға ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар; мигранттар мен оралмандар отбасыларының, аз ұлттар балалары; қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар жатады.
Бұл инновациялық технология 5 жыл бұрын әлемдік деңгейде қолданысқа енгізілген болатын. Оқыту әдісінің элементтері негізінен барлық мектепке дейінгі білім мекемелерінде қолданылуы тиіс. Мұнда педагогқа балалардың өзін – өзі дамытуына көмек беріп, білім алуына жағдай жасау міндеттеледі.
100 пайыз құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген Монтессори кабинетін Тараз қаласындағы №41 балабақша бірінші болып ашып отыр. Ал мына әсем бөлменің құны 3,5 млн теңгені шамалайды. Келешекте мұндай кабинеттерді өңірімізде көптеп ашу көзделуде.
Айта кетейік, «Бала біздің болашағымыз». Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Қазақстан халқына жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту да мақсат еткен болатын.