Жоспарланған жобалар легі ауқымды

Түркістан облысындағы Созақ ауданында келер жылы құрылыстың қазаны қайнамақ. Осыған дейін бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілсе, келесі жылға жоспарланған жобалар да ауқымды. Сызған ауылдық округінен демеушілер есебінен 13 шақырымды құрайтын «Шұқырой» каналының лотоктары күрделі жөндеуден өткізіліп, шаруаларға су берілуде. Облыстық құрылыс басқармасына 5 су қоймасын салуға ұсыныс енгізілді. (Суындық, Ақұйық, Қостөбе, Раң, Райс) . Қоғам қайраткері С.Қожановтың 125 жылдығына орай музей құрылысына  бюджеттен қаржы бөлінді. Ақсүмбе елді мекеніндегі мектеп құрылысын салу жоспарда тұр. А.Сүлейменов атындағы орта мектебіне қосымша ғимарат құрылысын салу үшін конкурс жарияланды. Ә.Молдағұлова атындағы орта мектепке 2019 жылы салу жоспарлануда. Сонымен қатар Т.Әлімқұлов, С.Әліұлы, Ы.Алтынсарин, С.Қожанов атындағы орта мектептерінің қосымша құрылыс жұмыстарын салу үшін мемлекеттік сараптамадан өтуге құжаттары тапсырылды. Қарақұр, Жартытөбе ауылдық округтерінде саябақтың құрылыстары басталды. Жуантөбе, Сызған ауылдық округтерінде жарықтандыру жұмыстарының құрылысы басталды. Сонымен қатар ауданда 3 мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (Шу, Қыземшек, Таукент) Шолаққорған ауылдық округінде 2 саябақ құрылысы және аллеяға (Алтынсарин мектебі) қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444