«Алтын дәннің» өнімі сапалы
Түркістан облысындағы «Алтын дән» ЖШС-і іргелі кәсіпорындардың бірі. Тамақ өнеркәсiбiндегi тұтынушылардың басым бөлiгi тұтынатын макарон, ұн және сүт өнiмдерiн жоғары сапада дайындайтын «Алтын дән» ЖШС-i бүгінде өнімдеріне сұраныс жоғары. Компания сұранысы ең жоғары тағамдарды сапалы түрде өндiрумен қатар, 1200-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етiп отыр. Мұндай компаниялар кәсiп ашып, жұмыс бастағысы келген азаматтарға тәп-тәуiр үлгi. Айта кету керек, өз жұмысын 1998 жылы бастаған жергiлiктi «Алтын дән» кәсiпорны ел нарығында ұн және сүт өнiмдерiн өндiруде көшбасшылардың қатарында. Компания ұжымы «Қазақстанда жасалған» белгiсi бар отандық өнiмдерiмiздiң сапасымен Қазақстан нарығын ғана емес, алыс жақын шетелдердi де мойындатып үлгердi. Серiктестiкте жылына 8 мың тоннаға жуық макарон, 981 тонна сүт, 154 тонна ұн өнiмдерi өндiрiлсе, ұн өнiмдерiнiң 60 пайызы көршiлес мемлекеттерге экспортталады. Атап айтқанда, бұл өнiмдер бүгiнгi таңда Өзбекстан, Қырғызстан және Ауғанстан мемлекеттерiнде сұранысқа ие. Алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.