Табысты бизнес

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданының Тұрбат ауыл округi, Қызылдихан елдi мекенiнiң тұрғыны Зәкiр Өмiрзақов жылыжайда гүл өсiрумен айналысады. Жылыжай көлемi 15 сотықты ғана құрайтын жылыжайдың түсірер табысы аз емес. Көшетінен бастап баптап өсірілген гүлдердің алармандары да көп. Әсем дестеленген гүлдер  облыс орталығынан бөлек Астана мен Алматы, Көкшетау қалаларына жөнелтiледi.   Еліміздің өзге өңірлерінен де сұрау салып жатқандар аз емес көрінеді.  Жылыжайдағы бірнен бірі өткен раушан гүлдері көздің жауын алады. Кәсіпкер  «негiзiнен «черная магия» деп аталатын роза гүлдерiн өсiремiз. Оның тұқымы осыдан 17 жыл бұрын Голландиядан әкелiнген. Гүлден басқа, қияр өсiрумен де айналысамын, мал шаруашылығым да бар. Пайдасы жағынан алғанда қиярдың бағасы жоғарылау болғанымен, еңбегi жағынан гүлге көп күш жұмсалмайды, яғни жұмысы соншалықты ауыр емес» дейді. 2010 жылы ауылда 15 гектар жерде орналасқан жылыжайдың 10 гектарында гүл өсiрiлушi едi, қазiргi таңда субсидия берiлгелi 20 гектар жылыжайда қызанақ пен қияр егiледi. Себебi, онымен айналысатын диқандарға жылына екi рет субсидия берiледi. Шамамен 1 гектарына 1,5 миллион теңге төлейдi. Ал, гүл 3 гектарлық жылыжайда ғана өсiрiледi. Бiрақ соған қарамастан гүлдiң бағасы өте арзан. Өйткенi, нарықты Голландиядан әкелiнген гүлдер жаулап алған. Гүлдiң саудасы негiзiнен 8 наурызда, содан соң 25 мамырда қызады, – дейдi Е.Исақұлов.Жалпы, ауыл әкiмдiгiне қарасты 1600 отбасы болса, соның 150-i жылыжаймен айналысатын көрiнедi. Соның арасында гүлмен екi шаруа қожалығы мен жекелеген үш-төрт адам ғана айналысады.Екiнiң бiрi бара бермейтiн сирек кәсiп иесi Зәкiр Өмiрзақовтың еңбегiне ел сүйсiнiп отыр.

Б.  Дарғожина

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444