Игілікті шара

2018 жылдың 11 қазан күні Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Сызған ауылдық округіне қарасты Қозмолдақ елді мекенінің орталық көшесі жарықтануы іске қосылды. Астана қаласының 20 жылдығы және Созақ ауданының 90 жылдық мерей тойына тұспа тұс келген игілікті шара салтанатты түрде ашылды. Салтанатты жиынға Созақ ауданыны әкімдігінің «Тұрғын үй комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Б.Əбенұлы, ауыл әкімі Серік Сахиұлы және Созақ ауданының құрметті азаматы, тыл ардагері М.Шоңбаев арнайы шақыртылды. Шолаққорған елді мекеніндегі кіші футбол мен балалар спорт алаңшасы ашылды. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары А. Сатыбалды қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жалпы алаңы 1400 шаршы метірді құрайтын спорттық нысанның құрылысын ашылуына «STRONG SERVICE-2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жүргізді. Ауданның 90 жылдығына орай ашылып жатқан көптеген әлеуметттік нысандардың басым бөлігін жеке кәсіпкерлер салып беруде. Олардың демеушілігіне ауылдағы ағайын алғыс айтуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444