Әлеуметтік нысандар қатары артып келеді

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Жартытөбе ауыл округі, Аққолтық елді мекенінде 75 орындық «Асылжан» бөбекжай балабақшасы ашылды. Бөбекжай балабақшада ашылу салтанатына аудан әкімі С. Полатов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Созақ ауданында 43 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 17 мемлекеттік, 16 жекеменшік, 10 шағын орталық, балаларды балабақшамен қамту 90 пайызды құрап отыр. Бұл облыс бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі екенін айтып өтуіміз керек. Бүгін ашылып отырған 75 орындық «Асылжан» бөбекжай балабақшасы 20 жергілікті адам жұмыспен қамтылып отыр. Құмкент ауылындағы спорт кешені ашылды Бүгін Құмкент ауылында спорт кешені ашылды. Ашылу салтанатында аудан әкімі С. Полатов құттықтау сөз сөйлеп барша ауыл тұрғындарын мерекемен және жаңа спорткешенінің ашылу салтанатымен құттықтады. Спорт кешенінің ашылу салтанатында әлем чемпионы Біржан Жақып арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді. Бірнеше жылдан бері сақалды құрылысқа айналған спорт ғимаратының құрылысына жергілігті бюджеттен 153 млн теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың желтоқсан айында басталған болатын. «Ноутилус» ЖШС жүргізіп, қазан айында аяқталды. Заманауи үлгідегі спорт ғимаратында күрес, бокс, футбол және волейбол түрлерінің секциялар жұмыс істейді. 19 жергілікті азамат жұмыспен қамтылды. Шолаққорған ауылындағы спорт алаңшасымен балалар ойын алаңшасымен аллея пайдалануға берілді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444