Қияр өсіруден табыс мол
Мухаммедов Шухриддин 59 жаста . Түркістан облысы Ескі Ихан ауылының тұрғыны. «Мухаммед ата» жылыжай қожалығының иесі. Түркістан қаласына қарасты Ескі Ихан ауылындағы Қ.А. Ясауи атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі. «Оңтүстік өңірі егізінен шаруашылықтың нағыз ордасы ғой. Мен көп жерлерде болғанмын. Әсіресе күнгейдің оңтүстігіндегі Сарыағаш өңірінің жылыжай шаруашылығы мені қатты қызықтырды. Жылыжай қожалығын бастап, оны үлкейтіп, көркейтіп жанұялық кәсіп ретінде қалыптастыру басты мақсат болды. Көптен бері ойда жүрген іске 2015 жылы кірістім. Кәсіпкерлер палатасына барып кеңес алдым. Олар «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша шағын және орта кәсіпті бастап, оны гүлдендіруге болатынын айтты. Содан 3-4 ай көлемінде отбасымызбен өзара жоспар құрып, талқыладық. 10 соттық жерімізге жылыжай қожалығын салуға бел будық. Мемлекеттен 7 пайыздық мөлшермен 5 миллион теңге қаржылай несие алып, тірлікті бастап кеттік. Алғашында көкөністердің көп түрін өсіреміз деген ой болған, алайда қиярдың шығын көп алып келмейтін болғандықтан бүгінгі күнге дейін қияр өсірудеміз. Былғы маусымда болгар бұрышына тапсырыс болғандықтан бұл көкөніс түрін де өсіріп көріп жатырмыз. Біздің жылыжай екі қабатты пакеттен тұрады, тамшылатып суару арқылы жүзеге асады. Ішінің барлығы соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталған,толық жылу жүйесі іске қосылып түрады, жылы еден жүргізілген. Ең маңыздысы қаптайтын пакетті Корей еліне арнайы тапсырыс беріп, алдырттық. Сапасы жағынан сөз жоқ.
Кәсіп ашу оңай емес, әрине. Дегенмен кірісі де жаман емес» дейді шаруа.