Толымды істер пысықталды

Түркістан облысындағы Төле би ауданында ауыл шаруашылығы түлеп келеді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Төле би ауданында болып ондағы толымды істерді пысықтады. Алдымен, Көксәйек ауылдық округіндегі ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінің бірінде болып, жұмысымен танысты. Кооператив былтыр 40 гектар жерге қарқынды алма бауын еккен. Қазір бауда «Гала», «Голден делишес», «Айдаред» және «Ред делишес» атты алманың сұрыптары егілген бауда 87500 дана түп ағаш бар. Осы жұмыстар үшін 503 миллион теңге көлемінде инвестиция тартылды. Мұнан кейін облыс әкімі Тасарық ауылында жүзім шаруашылығында болды. Кәсіпкер тастақ жерді тиімді пайдаланып, осыдан екі жыл бұрын жаңа технологиямен 10 гектарға жүзім еккен. Шаруа қожалығы алдағы жылдары жүзімді қайта өңдеу ісін қолға алып, жүзім баққа жақын маңнан көкөніс сақтау қоймасының құрылысын бастамақ. Қысы қатал болатын таулы аумаққа көкөніс сақтау қоймасы ауадай қажет. Бүгінде ауданда жүзім бауларын жайқалтып отырған шаруашылықтар көп. Одан бөлек осы салаға ден қойып, кәсіп бастамақты ниет еткен кәсіпкерлердің жобалары да қөп. Олардың жобасы жүзеге асқан жағдайда қойма қажеттілігі туындары хақ. Өңір басшысы кәсіпкерге шарап өндірісіне де ден қоюды ұсынды

М.Рысбаева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444