Өнеркәсіп орындарының флагманы болған
Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында «Түлкібас консерві зауыты» ЖШС-і ауданның және сырттан ауылшаруашылық өнім өндірушілерінен жеміс-жидек қабылдап, талапқа сай консерві түрлерін шығарған. Кезінде ауданымыздың өнеркәсіп орындарының флагманы болған Түлкібас консерві зауыты кезінде қайта жабдықталып ауданымызды, поселкеміздің тұрғындарын жұмыспен қамтыған. Зауытта 7 өндірістік цех жұмыс жасаған. Оның төртеуі өнім шығаратын цех болған. Зауыт құрылған 1965 жылдан бері еңбек ететін реттеуші шебер Н.Привалов шыны ыдыстардың қақпағын шығаратын станокты іске қосып, жұмыс атқарған. Жеміс-жидек цехы Болгар жүйесімен шағын әдемі құтыларға құйылған дайын өнім шығарған. Тәулігіне 80 000 шартты құты өрік, алма, шие, шабдалы т.б.жеміс-жидектер қайнатпа тосабы мен джемдер шағарған. Маусым басталғалы 1300000 шартты құты консерві өнімін шығарған ұжым жыл соңына дейін 10 320 000 шарты құтыға дейін жеткізген. Зауыт базасында «Түлкібас сырасы» ЖШС құрылып, сапалы сыраны облыс көлемінде шығарып отыр. Жылдық өндіретін өнім көлемі 3 500 мың теңге құраған. Республикалық сыра қайнатушыларының фестивалінде мақтау қағазымен марапатталған сыраға сұраныс білдірушілер көп еді. Жергілікті су көзіне негізделіп «Гернас» ЖШС минералды су шығаруды игерді. Судың 5 түрлі түрін сәнді құтыларға өңдеп құйып, тұтынушыларға ұсынып отырған. Өндірілетін өнім көлемі 12 700 мың теңгені құраған.