Түркістан қаласы бюджетінің кіріс бөлігі 101,8 пайызға орындалған

Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаевтың төрағалығымен өткен кезекті апталық мәжілісте қала бюджетінің кіріс және шығыс бөлігінің 2018 жылдың 9 айында қаржының игерілу барысы және нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасының 9 айда іске асырылу барысы туралы жан-жақты талқыланды. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімнің басшылары баяндама жасады.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы З.Бимбетованың мәліметінше қала бюджетінің кіріс бөлігі 101,8 пайызға орындалған.

Ал күн тәртібіндегі екінші мәселе төңірегінде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекет есебінен арнайы курстарда оқытылған мамандардың жұмысқа орналасуы барысында жұмыстарды қадағалап, жалпы тіркелген азаматтардың мүмкіндігінше жұмыспен қамтылуы үйлестіру керектігі баса айтылды.

Жиын қорытындысында қала басшысы Ә.Өсербаев таяуда Түркістан шаһарында іс-сапармен болған Мемлекет басшысы облыс және қала активімен өткізген мәжілісте де ең басты мәселе жергілікті халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етіп, жаппай кәсіпкерлікке үйрету керектігін нақтылап тапсырғандығын айтып, облыс орталығының келешектегі дамуында тұрғындардың әлеуеті басты орында тұратындығын алға тартты.

қала әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444