Кәсіпкерліктің көзін тапқан

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту». Игілікті жоба Отырар ауданында сәтті жүзеге асуда, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Өткен жылдың өзінде аталған бағдарлама аясында 145 азамат шағын несие алып, кәсібін дөңгелетіп әкетті. Іскер азаматтардың бірі «Ағысай» тігін шеберханасын ашты.  «Ағысай» — Шәуілдір халқының қажетіне жараған  тігін шеберханасы. 3 жылдан бері ісін икемдей алмай қиналғандар мемлекеттік бағдарлама арқасында 7 миллион теңге ақша алып, кәсібін дөңгелетті. Бүгінде шағын цехта жұмыс қызған. Үрләш Тұрғанбай – «Ағысай» тігін шеберханасының басшысы: «Сұраныс жоғары, жақында 166 азаматқа форма алдық тапсырысқа. Келушілер де көп». Гүлмира Сансызбаеваның жасы 40-тан асқан. Арнайы білімі жоқ. Жасы отыздан асқандардың жұмысқа орналасуы да қиын, — дейді. Қысқа мерзімді курстан өтуінің арқасында осында келді. Еңбекпен қамтылды.   3 балалы ананың мемлекет қамқорлығына алғысы шексіз. Гүлмира Сансызбаева – тігінші: «Бұрын жұмыссыз болғам. Осы арнайы курс оқып, осы жерге орналастым. Айлығым да жақсы. Келіп-кетіп жүрмін. Қуаныштымыз. Елімізге рахмет!» Бұл шеберханада Гүлмира сынды 6 келіншек жұмыс істейді. Барлығының жалақылары көңілге қонымды. Тапсырыс молайған кезде айлығы да артады. Дәл осы бағдарлама шеңберінде Отырар ауданының тиісті бөлімі 180 миллион теңгені іс бастаушыларға үлестірді. Тарихи мекенде «Өрлеу» бағдарламасының да аяқалысы жаман емес. Амангелді Мұхит – Отырар аудандық халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы: «Өрлеу» бағдарламасы аясында 362 отбасы әлеуметтік көмекпен қамтылған». «Ағысай» шеберханасы соңғы уақытта арнайы мекемелердің бірыңғай формасы мен қыз жасауларын тігуге көшкен. Денеге қонымды, соңғы үлгідегі киімдер көпшілік сұранысын арттыруда.

П.Биназарқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444