Жылыжайдың 80 пайызы Сарыағаш ауданында
Түркістан облысы бүгінде жылыжай кешендерінің көптігімен көшбасында келеді. Елімізде жылыжай шаруашылығы бойынша 60 пайызы өңірімізде болса оның 80 пайызы Сарыағаш ауданында. Биыл жылыжай кешені жарты жылда 4 мың тонна өнім жинады. Еліміздегі ең ірі жылыжай кешені осы жылдың жарты жылында 4 мың тоннаға жуық өнім алды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Гектарына 300-350 центнерден өнім алып отырған «Аделя» жылыжайы 16 гектар жерге қызынақ пен қияр егіп, жылына екі рет өнім алып отыр. Ордабасы ауданы, Бадам ауылында орналасқан жылыжай қожалығының шаруашылығы да ісін ілгерілетіп отырған ірі шаруашылықтардың қатарында. Жылыжайда француз компаниясының заманауи қондырғылары орнатылған. Мұнда жылытудан бастап тамшылатып суаруға дейінгі барлық процесс компьютермен бақыланады. Кәсіпкердің айтуынша, мұндағы өсірілетін көкөністер экологиялық таза өнім. Оларды өсіруде қолданылатын технология су мен тыңайтқыштарды және басқа да ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал жобаның өзі еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндігі мол. Жиналған өнімнің басым бөлігі Ресейге экспортталса, қалғаны Қазақстанның Алматы, Астана қалаларына жіберіледі. Индустриаландыру картасы аясында іске асқан бұл жобаны «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы қаржыландырған. Аталмыш ұйым 2011 жылы 440 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие берсе, 2013 жылы 2,2 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлген. Жалпы облыс аумағындағы жылыжайдың жалпы көлемі 900 гектардан асады.