Жергілікті нарыққа бағыттамақ

Түркістан облысындағы жаңа металлургиялық кәсіпорынды іске қосуды қытайлық «Синь Юан Стил» компаниясы қолға алды. Алып зауыт арматура, швеллер, темірден жасалатын барлық құрылыс бұйымдарын шығаратын болады. Аталмыш зауыт «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан. Өндіріс орнында қазақстандық инвестордың да үлесі бар. Шығарған өнімдерінің 70 пайызын Орталық Азиядағы барлық елдерге экспорттамақ. Ал қалған бөлігін жергілікті нарыққа бағыттамақ. Шикізатты да шетелден алып сабылмайды. Түркістан облысының түкпір түкпіріндегі металл сынықтарын қабылдайтын бөлімдерден сатып алмақ. Осылайша темір қалдықтарын қайта балқытып жаңа өнім жасап шығаратын болады. Қазан айында іске қосылатын өндіріс орны жылына 300 мың тонна өнім шығарамыз деп жоспарлап отыр. Ал келесі жоспарда өнім өндіруді жылдығына 1 миллион тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Түркістан облысындағы «Синь Юан Стил» компаниясының бұл екінші металлургиялық кәсіпорыны болып саналады. Ол да осы сынды металлургия саласындағы маңдайлы кәсіпорынның бірі «Амир-А» компаниясы. Аталған өндірс орны «Оңтүстік» индустриалды аймағында 2010 жылы ашылған болатын. Бүгінде табысты еселеу үстінде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444