Каналдарды реттеу жұмыстары басталғалы тұр
Мақтаның тезірек ашылуы үшін ауданда қазірдің өзінде 33 мың гектардан астам мақталық алқапқа дефолация шаралары жасалған. «Дробь плюс», «Авгурон экстра», «Коттон», «Реглон-супер» химикаттарының мақта жапырағын түсіруге тиімді әсер етеді.
Мұнан соң министр Ө.Шөкеев Қазақстан — Өзбекстан Республикаларының шекарасында орналасқан «Достық» каналындағы №73-ші су реттегіш көлденең тоспасының жағдайымен және ауданда жүзеге асқалы тұрған ПУИД-2 бағдарламасының барысымен танысты.
Мақтаарал ауданында 40 мыңға жуық гектар жер ПУИД-2 бағдарламасына енген. Жобаның бірінші этапы бойынша Еңбекші және Жаңажол ауылдық округіне қарасты 8 мың гектар жерде тік дренажды ұңғымаларды салу, коллекторлық жүйелер мен каналдарды реттеу жұмыстары басталғалы тұр. Ол үшін мердігер анықталып, дайындық жұмыстары жасалған. Сондай-ақ, жобаның екінші кезеңі Иіржар мен Жамбыл ауылдық округтерінің 16 мың гектарын қамтыса, үшінші кезеңі бойынша Атакент кенті, Мақтаарал және А.Қалыбеков ауылдық округтерінің 15 мың гектардан астам егістік алқабы жер асты суларынан арылып, тұзданудан сақталмақшы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі