Жастарға жігер сыйлаған форум

Елдің болашағының баянды да тұғырлы болуы, сол елдің жастарының қолында. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты да жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, олардың шығармашылығын дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу және жұмыспен қамтылуына ықпал етіп, кәсіпкерлік қырларын дамыту және отаншылдық құндылықтарды әспеттеу болып табылады. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының ұйымдастыруымен және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Меркі ауданы, Меркі ауылындағы «Меркі» шипажайында еңбек жастарының республикалық форумы өтті. Форум жұмысына Кәсіподақ Федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайымов, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры Атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай және еліміздің әрбір өңірінен келген жастар қатысты. Аталған форум аясында «Заманауи әлеуметтік-еңбек қатынастары. Қазақстанның теориясы мен тәжірибесі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Ашылу сәтінде сөз алған облыс басшысы А.Мырзахметов:

-Жастардың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы қоғам үшін маңызды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда еңбек мәселесі жастар үшін шешуші рөл атқаруда. Жастар ғылым мен жетістікті ұштастыру арқылы нақты нәтижеге қол жеткізе алады. Ал ең басты мәселе — елжанды, патриот азаматтарды тәрбиелеу. Осыны ылғи да есте сақтау керек. Отанды сүйе білу — үлкен қасиет. Мұны да жастар ұмытпауы керек, – деп жастарды белсенділікке шақырды. Жиын барысында сөз сөйлеген Дархан Мыңбай елімізде қолға алынған цифрландыру жүйесінің әлемдік тренд екенін, сонымен қатар бұл аяда біраз мамандықтардың өзгеретінін, бұл кәсіптік деңгейдің жоғары сатысы екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жиында сөз алған «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Оралов еліміздегі жастарға арналған бағдарламалар мен мүмкіндіктерге тоқталды.  Бұдан кейін қоғамның әлеуметтік стандарттарын көтеру жөніндегі сессия өтті. Мұнда Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы Мұрат Әбенов, Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, «Жастар үні» АҚҰ Төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі Дәурен Бабамұратов, PhD доктор, Қазақ Мемлекеттік Заң университетінің доценті және PhD доктор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің азаматтық және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Муслим Хасенов жастармен пікір алмасты.

Сонымен қатар «Серпін» бағдарламасы арқылы Жамбыл облысынан 820 жастың білім алуда. Үш күнді қамтыған форум аясында еліміздің әрбір өңірінен келген жастар еңбек туралы ерекше ой түйіп қайтары сөзсіз.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444