Еgov.kz электронды порталы арқылы көрсетілетін қызметтер кеңінен түсіндірілді

Өз Жолдауында мемлекет басшысы: «ХХІ ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті бас­қаруға жоғары талаптар қояды», — деген болатын. Мемлекеттік қызметте қағаз бастылықтан арыла алмай келе жатқанымыз рас. Осыған байланысты Елбасы халыққа арнаған Жолдауында ең әуелі рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту керектігіне тоқталды. Электронды үкіметті дамыту, халықтың ком­пьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде қадау-қадау тапсырма жүктеді. Олардың орындалуы – басты назарда.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мұрындық болуымен Тараз қаласының орталық базарында жәрмеңке болып өтті. Бұл жәрмеңке басқалардан ерекше  болды.

Мұнда мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие сәулет және қала құрылысы, денсаулық сақтау, білім, хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, үй-коммуналдық шаруашылығы, жұмыспен қамту және басқа да  бағыттарда мемлекеттік қызметтер көрсететін облыстық, аудандық, жергілікті және аумақтық органдарының білікті мамандарының қатысуымен тұрғындардың сауалдарына жауап қайтарылды.

Сондай-ақ, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтерде кеңінен түсіндіріліп, тұтынушыларға қолдану тәсілі үйретілді.

Оларға  электрондық порталға кіру үшін  электронды цифрлы кілтті пайдалану арқылы алдағы уақытта көрсетілетін қызмет түрлерін тұрғындар  үйлерінен шықпай-ақ алу жағын мамандар тәптіштеп бүге-шүгесііне түсіндіріп берді.

Халықты негізінен, жер телімі, жеңілдікпен баспана алу, электронды порталды пайдалану секілді сұрақтар көп мазалайды екен. Оған мемлекеттік қызметкерлер әр сала бойынша қандай құжаттар дайындау қажеттігін айтып, өзінің жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізетінін  жеткізді.

Мұндай түсіндіру жұмыстары ағымдағы басынан бастап, өңірдің 480 мекемесі мен ұйымында жүргізілі, 87 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мұндай үгіт-насихат  іс-шаралары алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Мақсаты-әкімшілік кедергілерді жою, халыққа сапалы қызмет көрсету, «Азаматтарға арналған үкімет» мемелкеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы халыққа кеңінен түсіндіру болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444