Тамақ өнеркәсібін дамыту басты ұстын болып отыр

Елбасы Н. Назарбаев «Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды мәселе. Алдағы уақытта азық-түлік өнімдерінің ішкі нарығының 80 пайызын отандық азық-түлік өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұған толық мүмкіндік бар», – деп отандық өнімдердің орнын ерекше атап көрсетіп, бұл саланы қарқынды дамытуға қол жеткізуіміз керектігін қатаң тапсырған болатын. Бүгінде тамақ өнеркәсібінде алпауыт компанияларымыздың қатары артып келеді. Шығарған өнімдері ішкі нарықты қамтып қана қоймай, эспорттап жатқан жайы бар. Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында түрлі бағдарламалар, іс-шаралар қолға алынуда. Бүгінде өңірімізде тамақ өнеркәсібін дамыту басты ұстын болып отыр. Жыл жылжыған сайын аталмыш салада бағын сынамаққа бекінген шағын және орта кәсіп иелерінің қатары көбейіп келеді. Мәселен, өткен жылы ресми мәлімет бойынша облыста етті қайта өңдейтін 43 кәсіпорын (жалпы қуаттылығы 39,0 мың тонна, жылына), сүтті қайта өңдейтін 38 кәсіпорын (130,1 мың тонна), жеміс көкөніс өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі 35 кәсіпорын (107,6 мың тонна) жұмыс істейді. Қазақстан республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші бес жылдығын іске асыру жоспарына сай шамамен 47,1 млрд теңге осы секторды дамыту мақсатында тамақ өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарында инвестицияланатын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444