«Мадина» — бренд»

«Мадина» бүгінде бренд қалыптастырып үлгерді. Компанияның негізгі мақсаты сапалы, дәмді, әлеуметтік қолжетімді өніммен қамтамасыз ету. Мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып отыру үшін оқуға жіберіліп тұрады. Компанияның материалдық базасын нығайтуға күш салғандай мамандардың да жағдайын жақсартуға арналған жобалары бар. Ол үшін тұрақты әрі жоғары жалақы, әлеуметтік пакет, мамандық бойынша сатылап өсу қарастырылған. Бүгінде мұнда 150 адам жұмыс істейді. Сапасының жоғарылыған «Барыс 2007» ЖШС-і шығаратын өнімдер аз уақыттың ішінде Қазақстанның ішкі нарығы, Орта Азия мен ТМД елдерінде үлкен сұранысқа ие болды. «Мадина» тауар белгісімен шығатын макарон өнімдері сапасы мен дәмділігі жағынан 2011 жылы Ресейдің «Продэкспо» халықаралық көрмесінде «Үздік тауар» белгісімен марапатталған болатын. Ол тек қана лайықты дегендерге ғана беріледі. Бұл көрмеде Шығыс Еуропа елдерінің 100-ден аса мемлекеті, Ресей, Украина, Белоруссия, Орталық Азияның көптеген елдері қатысқан болатын. Марапатты  Ресейдің Ауыл шаруашылық министрі Л. Скрынник өз қолымен табыстаған. Бұл әрине үлкен құрмет.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444