Құрылыс саласы — локомотив

Түркістан облысының әкiмi Жансейiт Қансейiтұлының бастамасымен қолға алынған жас мамандарды ауылға тарту мақсатындағы қызметтiк үйлер салынып, пайдалануға берiлгелi отыр. Олар Түркістан қаласы маңындағы Шаға ауылдық округiнде екi үй, Шорнақ және Ескi Иқан ауылдық округтерiнде бiр-бiр үйден салынды. Бүгiнде жаңадан бой көтерген Отырар мөлтек ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргiзiлуде. Онда қазiргi таңда 5 қабатты 60 пәтерлi 11 тұрғын үйдiң құрылысы басталды. Сондай-ақ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның қаржыландыруымен «Ажар-Тред» ЖШС 5 қабатты 60 пәтерлi 6 ипотекалық несиелiк тұрғын үйдiң құрылысы да басталды. Бұл аталған көпқабатты тұрғын үйлердi салуға ауыз су, газ, электр, жылу, жол және абаттандыру жұмыстары және толық инфрақұрылым мәселелерi өз шешiмiн табу үшiн жобалық сметалық құжаттары дайындалып, сараптама қорытындысы шыққан. Алдағы уақытта тағы да 5 қабатты 60 пәтерлi 9 тұрғын үйге қаржы қаралып, жеңiмпаздарды анықтау үшiн конкурс жарияланды. Конкурс жеңiмпаздары анықталса, қасиеттi шаһар үлкен құрылыс алаңына айналып, 26 тұрғын үй пайдалануға берiледi.

А.ИСРАЙЛОВ,

қалалық құрылыс бөлiмiнiң басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444