Баспана мәселесі оң шешімін тауып келеді

Баспаналы болу — әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды мазалайтын ең басты проблема. Үйің болмай, күйің болмайды. Тұрғындарды тұрғынүймен қамту жолында да Арыс қаласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алдағы 2 жылда бұл аймақта 600 пәтер беру жоспарланған, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.

Арыс қаласының солтүстік шығыс бағытындағы Көктем2 мөлтекауданы бүгінде құрылыс алаңына айналған. Мұнда әрқайсысы 36 пәтерлі 6 үй салынуда. Бұл үйдің әрқайсысының жобалық құны 277 млн теңге шамасында. Мердігерлер үйдің сапалы салынуына 5 жыл кепілдік береді. Сонымен қатар, өз уақытында тапсыруға күш салуда.

Талғат Бейсенов – «Жедел құрылыс» ЖШС директоры «Біздің мекеменің басты қағидасы – уақыт, сапа. 5 жыл кепілдік бергеннен кейін ғимараттың сапалы салынуы талап етіледі. Сапаға көңіл бөлінеді. Оған қадағалау бар».

Мұнда тұратын тұрғындар үшін барлық жағдай жасалады. Ойын және спорт алаңқайлары қоса салынуда. Арыс қаласының аумағында тұрғын үй кезегінде 1388 азамат бар.  Олардың дені асыраушысынан айрылған, көпбалалы отбасылар. Сондықтан бұл мәселені жеделдетіп шешу үшін ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр.   

Мұрат Қадірбек — Арыс қаласының әкімі «Дәл қазір 36 пәтерлі 3 үй пайдалануға даяр. Жақын арада оны тұрғындарға таратып береміз. Дәл осындай  тағы да 3 үй салынып жатыр. Ол өтпелі жоба. Оны келесі жылы береміз. Санымен қатар тағы да 5 қабатты 5 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Енді олардың бәрін қосып алғанда тағы да 500-600 үй беріледі»

 

Әлеуметтік аз қамтылғандардан бөлек сұранысы жоғары маман иелерін де баспанамен қамту мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Себебі Арыс қаласының аумағында соңғы 30 жыл төңірегінде әлеуметтік пәтерлер берілмеген.

Мұрат Қадірбек — Арыс қаласының әкімі «15 шақты көпқабатты тұрғын үйлер салынатын болады. Орталықтандырылған инфрақұрылым бар. Осы жерде алдағы уақытта 300 орындық мектеп пен балабақша құрылысы басталады».

Ауыл аймақтарға да көңіл бөлінуде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша  жас мамандарға 10 және 20 пәтерлі 4 үй салынып жатыр. Арыс қаласының тұрғындар саны күн санап артып келеді. Сондықтан баспана кезегі көбеймесе азаймайтын анық. Осындай жұмыстардың нәтижесінде, таяу арадағы 2 жылда кезектегі азаматтардың тең жартысы қоныс тойын тойлайды,-деп күтілуде. Бұл мақсатқа айтарлықтай қомақты қаржы бөлінген.

Н.Кенжехан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444