Түркиялық тұқымнан сапалы өнім

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданындағы іргелі шаруашылықтардың бірі «Нұр-Кетебай» өндірістік кооперативі 1125 гектар жерден өнім алып шаруасын шалқытып отыр. Тек қана мақта өсірумен ғана шектеліп қалмай,  ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресетін биолабораториясы, тұқымдық мақта шитін тазалайтын, іріктейтін, дәрілейтін тұқым цехы бар. Әрдайым жаңа технологиялардан да қалыс қалмай өнім өндіруде жаңа әдістерді де енгізуде. Кооператив «Максимумнан» жылына 16 млн, «Аграрлы несие корпорациясынан» 15 млн несие алады. Күздік жиын терімге дейін жұмыс істеп, түрлі техника сатып алуда. Техникалық паркін ұдайы жаңартып отырады. Бағасы қымбат «Ломбаржини» тракторы да, жер қопсытатын, қысқасы ауыл шаруашылығына қажетті техниканың барлығы да бар. Кооператив құрамындағы мүше қарапайым жұмысшыдан бастап, тракторшыларына дейін жалақылары жоғары. Одан бөлек өнімнен түскен пайдадан тағы да өз үлестерін алады. Ауыл шаруашылығы саласы жаңа технологияларды, жаңалықтарды ендіруден қалыс қалмақ емес. Бүгінде Түркиядан мақтаның тұқымын әкеліп егіп, мол өнім беретініне көз жеткізіпті. Аталған шаруашылық былтыр 100 гектар жерге егіп, гектарынан 35-40 центнерден өнім алған. Алдағы уақытта толықтай түркиялық тұқымдыққа өту мүмкіндігі жоғары екендігін айтып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444