Еңбек майданы қызу

Мақтарал ауданында қарқынды бау шаруашылығымен айналысатын «Аботя» шаруа қожалығында бүгінде мақта, жүзім, қауын қарбыз өсіріледі. Шаруашылық өнімін қайда өткіземін деп шаршамайды. Егіс басынан пышақ үстінен үлестіріп әкетеді. Көктемнің әр күнін жылға азық санайтын шаруа бүгінде қызу еңбек үстінде. Күннің көзі жылт ете салысымен кетпенін күнге сүйдіріп, қолын жауыр етіп еңбек майданына кірісіп кеткен. Топырақ астында көмулі жатқан жүзімдікті аршып алып, түбін қопсыту жұмыстарын жүргізәп, бүгінде өнім жинау үстінде. Одан кейін мақта шаруасы, ал одан соң қауын қарбыздың кезегі келеді. Осылайша жаз бойы тыным таппайтын шаруа өз тәжірибесін өзгелермен де бөлісуге асық. Бүгінде қарқынды бау шаруашылығының көлемі 20 гектарға жеткен. Мұнда өнім тамшылатып суару әдісі бойынша өсіріледі. Шаруашылық өткен жылы 180 тоннағы жуық өнім алған. Ербол Ералиев, «Аботя» шаруа қожалығының төрағасы: «Кооперацияға бірігу ол шаруалардың көп нәрсеге қол жеткізуі, қолы ұзаруы. Мемлекеттен берілетін жәрдемді орнымен дұрыс пайдалана білуі қажет. Басым бөлігі субсидияны дұрыс пайымдамайды. Ол тойға, туған күнге  жарататын ақша емес. Ол қаржы ауыл шаруашылығын одан әрі ұдайы дамыту үшін берілетін жәрдем қаржы. Сондықтан да кооперативті дұрыс құру қажет. Сонда көп те риза, тірлік те түзу болмақ».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444