Ауыл шаруашылығына инвестиция тартылмақ

Бүгінде Түркістан облысында қарқынды бау шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартуға басты назар аударылуда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан ауқымды қолдаулар көрсетіліп, агроөнеркәсіп кешенде жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Ауыл шаруашылық саласында шешілмей жатқан мәселелерді қарайтын ортақ біріккен жұмысшы органы да құрылмақ. Ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауыл шаруашылығын дамыту үшін 4 бағыт айқындалып, 2018-2025 жылдарға арналған арнайы концепция әзірленді. Атап айтқанда,  аудан, қалалардың климаттық ерекшеліктеріне байланысты мамандандыру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қол жетімді несие қаржылармен қамтамамсыз ету, ауыл шаруашылығы кооперативтері жүйесі мен машина-тракторлық станциялар жүйесін жетілдіру және суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, су өткізгіштік қабілетін жақсарту іс-шараларын атқару. Айқындалған төрт бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырғанда 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі кем дегенде 2,5 есеге артып, 2025 жылдары облыстағы барлық суармалы жердің көлемі 636,24 мың га құрайтын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444