Инвестор тартудың негізгі құралы

Бүгінде Түркістан облысында кәсіпкерлік кең қанат жайып келеді. Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының бұған қосып отырған көмегі орасан. Өңірдің экономикалық әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында инвесторлардың қызығушылығын арттыру үшін жыл сайын түрлі көрмелер, арнайы бизнес форумдар өткізіліп келеді. Оның нәтижесі де жаман емес.  Түркістан облысы әкімдігінің инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып, ол қазіргі уақытта облыс экономикасының дамуына септігін тигізіп келеді. Дамыған әлем елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, индустриалды аймақтар инвесторларды тартудың негізгі құралы болып табылады. Бүгінде облыстың қалалары мен аудандарында 11 индустриалды аймақ жұмыс істейді. Өңдеуші өнеркәсіп бағытындағы жобаларды іске асырушы инвесторлар үшін аталған аймақтан жер учаскелерін бөліп беруге әзір. Сонымен қатар, осында өндірілген өнімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер мен ҚХР-на экспорттауға мүмкіндік бар. Жуырда ғана қазақ-өзбек бизнес форумы өткен болатын. Сонда екі тарап облыста қазақ-өзбек агро индустриалды аймағын салу жөнінде жоспарлар жан жақты талқыланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444