Жылыжайдан мол өнім

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында кәсіпкерлік саласы қанатын кеңге жайып келеді. Жылыжай шаруашылығын игеріп отырғандар жетерлік. Ордабасылық жеке кәсіпкер Б.Қалметов фермерлік жылыжайын іске қосып, жұмысын ілгері жылжытып отырғанына біраз уақыт болды. Қол астындағы жылыжайына қияр мен қызанақ өсіруді қолға алды. Өз қаражаты есебінен жүзеге асқан бұл жобаның инвестициялық құны 30 млн. теңгені құраған. 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. » Отбасымызбен осы жылыжай ісін қолға алғанда біраз күдіктендік. Қалай болар екен деген ой да болды. Алғашқы өнім біз күткен нәтижеден де асып түсті десем, артық айтпаймын. Қиярдың маусымы өтіп бара жатыр. Енді, қызанақтың көшеттерін отырғызып, баптауға көштік. Өнімді қазан-қараша айында жинаймыз деп жоспарлап тұрмыз. Келешекте жылыжайдың көлемін арттыруым да мүмкін, — деп ағынан жарылды кәсіпкер Б.Қалметов.  Ал «Сабыр» шаруа қожалығының егістік көлемі — 430 гектар. Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағыты бойынша 3 млн. 519 мың теңгеге 100,3 тонна жеңілдетілген аммиак селитрасына қол жеткізген. Шаруа қожалығы «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің құрамында жұмыс жасауда. Бұл кооператив 2001 жылдан бері бидай өсірумен қатар мал шаруашылығын дамытумен де айналысып келеді. 50 азамат жұмыспен қамтамасыз етілген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444