Аумағы үлкен индустриалды аймақтар
Бүгінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы индустриалды аймақтардың аумағы еліміз бойынша ауқымды аумаққа жатады. ҚР индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы аймақтарды ұлғайтуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда 11 индустриалдық аймақ құрылған. Аудандардағы және қаладағы индустриалдық аймаққа бөлінген жердің жалпы ауданы 959 гектарды құрайды. Соның ішінде 2 индустриялды аймақ «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы жердің көлемі 337 гектар, «Тассай» индустриалды аймағының аумағы 89 гектарды құрайды. Шымкент қаласының аумағында орналасқан аймақтардың аумағы да осал емес. Оның ішінде, жалпы ауданы 699 гектарды құрайтын, 9 индустриалдық аймаққа инфраструктура тартылған соның ішінде Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалдық аймағы, «Тассай» индустриалдық аймағы, Түркістан қ., Кентау қ., Созақ ауданы, Шардара ауданы, Түлкібас ауданы, Қазығұрт ауданы, Мақтарал ауданындағы индустриалдық аймақтар қажетті инфрақұрылымдар тартылған. Одан бөлек, жалпы ауданы 260 гектарды құрайтын, 2 ауданда және қалада Бәйдібек ауданы, Ордабасы ауданындағы Бадам – Қазақ Түрік индустриалдық аймағында КТИА инфраструктура құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта жоспарланған жобалар жүзеге асырылған жағдайда индустриалдық аймақтардың аумағы тағы да артары сөзсіз.