«Даму-Оптима» бағдарламасы аясында кепілдік алуға мүмкіндік бар
Кепілзаты жеткіліксіз кәсіпкерлерге Қордың «Даму-Оптима» бағдарламасы аясында кепілдік алуға мүмкіндік бар.
Бағдарлама шарты бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін несиенің ең жоғары сомасы 30 миллион теңгеге дейін, бизнесі бұрыннан барлар үшін 500 миллион теңгеге дейін. Олар инвестиция, айналым қаражатын толықтыру немесе несие мерзімінен аспайтын мерзімге қайта қаржыландыру үшін Қордың кепілдігімен несие алуға өтінім бере алады. Бұл ретте кепілдік сомасы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін несие сомасының 85%-ына дейін және кәсібін тіркегеніне үш жылдан көп уақыт өткендер үшін несие сомасының 50%-ына дейін.
Қазір Қазақстанның барлық өңірлеріндегі екінші деңгейлі банктер Қордың кепілдігімен жұмыс істеуде. Бұл бағдарлама бойынша кепілдік алу үшін кәсіпкерлер онлайн режимде Bgov.kz, online.damu.kz порталында немесе «Даму» Қорының филиалдарында өтініш бере алады.
Анықтама үшін байланыс орталығы: 1408 немесе Түркістан қ. , Жаңа қала м.ауданы. 28 көш, 5 ғ. мекенжайы бойынша кеңес алуға болады.