Сатушыға (орындаушыға) аразылық хатты қалай жазамыз?

Наразылықта міндетті түрде көрсету керек:

• сатушының (орындаушының) атауы;
• өтініш берушінің (тұтынушының) байланыс деректері;
• сатып алынған тауар (қызмет) туралы ақпарат;
• өнімге (қызметке) шағымның мәні;
• қойылатын талаптар;
• қоса берілген құжаттардың тізбесі;
• күні және қолы.

Егер жолданым иесі ұйым болып табылса, оның атауы көрсетіледі, егер жеке кәсіпкер болса, оның тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.
Сатушы (орындаушы) тұтынушының наразылығына жауап беру үшін өтініш беруші (тұтынушы) туралы мәліметтерде тегі, аты және әкесінің атынан басқа байланыс телефонын, сондай-ақ мекенжайын (пошта немесе электрондық) көрсету қажет.

 

Шымкент қаласы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті

бас маманы А.Нұрғали

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444