Сапасыз өнім немесе қызмет үшін ақшаны қалай қайтаруға болады?
Әр адам априори тауарлар мен қызметтердің тұтынушысы болып табылады. Өмірінің ішінде ол көптеген сатып алулар жасайды, және көбінесе олардың бәрі әрдайым сәтті бола бермейді. Біреу сатушыға батыл барып, сапасыз өнімді сатып алған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді талап етеді. Ал кейбіреулері жай араласпағанды жөн көреді, өйткені олар көбінесе өз құқықтарын білмейді.
Әдетте, дүкендер мен супермаркеттерде олар ақаулы тауарларды оңай ауыстырады немесе ақшасын қайтарады: жыртылған сүт қорабы, сапасыз немесе мерзімі өтіп кеткен өнімдер және т.б. Олар киім-кешектер немесе аяқ киімдер сіздің талғамыңыз бен стиліңізге сәйкес келмесе, ақшасын толық қайтарып береді. Мұндай жағдайда ең маңыздысы — Сізде тауардық немесе фискалды түбіртек болу қажет және қайтаруды 14 күннен кешіктірмеу керек.
Қазақстандық заңнамаға сәйкес, азаматтар тауарларға ақшаны қайтаруға немесе өнім тиісті сапада болса да айырбастауға құқылы. Әдетте, бұл азық-түлік емес өнімдерде болады, егер сізге түсі, өлшемі немесе стилі сәйкес келмесе. Сонымен қатар, сатып алынған өнімді пайдалануға үлгермегеніңіз және сатып алу фактісі бойынша құжаттарды сақтағаныңыз маңызды болып табылады. Бұл ереже дәрі-дәрмектерге, шұлықтарға, іш киімдерге, метрлік тауарларға, өсімдіктер мен жануарларға, ұялы байланыс абоненттік құрылғыларына қолданылмайды.
Егер сатушыда (өндірушіде) сұраныс ұсынылған кезде ауыстыру үшін қажетті тауарлар болмаса, ауыстыру осындай талап туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүргізілуі керек.
Сараптаманың егжей-тегжейіне жеке тоқталған жөн. Қайтарылған тауарлардың сапасын қосымша тексерудің құнын сатушы төлейді. Егер тауарларға осындай сараптама жүргізу нәтижесінде тауарларда ақаулар жоқ екендігі немесе тұтынушыға тауарларды бергеннен кейін пайдаланудың, сақтаудың немесе үшінші тұлғалардың іс-әрекеттерінің немесе форс-мажорлық жағдайлардың белгіленген ережелерін бұзу салдарынан туындағаны анықталса, тұтынушы сатушыға сараптама жүргізу шығындарын, сондай-ақ оны өткізуге байланысты шығындарды,жүк тасымалдау шығындарын өтеуге міндетті.
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
бас маманы А.Нұрғали