Қарамағындағы қызметкерлерді пара беруге азғырған басшыны жұмыстан босату ұсынылды

Түркістан облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің лауазымды тұлғалары аса ірі көлемдегі алаяқтық қылмысын жасау арқылы пара берушінің 18 млн теңгесін иемденген. Одан бөлек, қол астындағы қызметкерлердің сенімдеріне кіріп, оларды пара беруге көндіріп, 70 мың теңгені алу дерегімен күдіктелуде.
Аталған мекеменің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚПК-нің 200-бабы шеңберінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша Ұсыныс қаралды.


Тергеу нәтижелері мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау Комитет басшылығының ведомоствалық бақылауды өз деңгейінде жүргізбеу салдарынан, ұжымда жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жоюға бағытталған бақылаудың болмауынан туындаған деген қорытындыға келді.
Мәжілістің қорытындысымен Түркістан облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің лауазымды тұлғасын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісін жасағанына байланысты теріс қылық негіздері бойынша жұмыстан шығару, ал қарамағындағы қызметкердің жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылығын жасауына жол берген және жемқорлыққа қарсы нақты іс-шараларды өз деңгейінде жүргізбеген ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті басшылығының тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылды.


Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайлар туралы ұсыну ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің, оған қарасты аумақтық департаменттердің басшылары және қызметкерлерінің қатысуымен қаралды.
Күдіктілерге қатысты түпкілікті процессуалдық шешімді сот шығарады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444