Бизнесті дамытуға қалай жеңілдетілген несие алуға болады?
Қарыз алу үшін сіздің кәсіпорыныңыз салық органында тіркеліп, есепке алынуы керек. Сіз одан кейін банк таңдап, есеп айырысу шотын ашасыз. Бұл – сіздің мүмкіндігіңізді арттырады және жеңіл несиеге жақындата түседі.
Әрі қарай қадамыңыз қандай болмақ?
✔ Сауатты бизнес-жоспар құрыңыз. Онда жобаны іске қосу және дамыту шығындары, барлық кірістер мен алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін жоспарлаған шаруаларыңызды түгел жазыңыз. Бұл – сіздің қаншалықты дамуға мүмкіндігіңіз бар екенін және шығындарыңыз кіріс боп қайтар уақытын бағалау үшін қажет.
✔ Шарттармен танысып, өзіңізге ыңғайлы бағдарлама таңдаңыз. Артық төлем мөлшері қанша, жоспарлы және мерзімінен бұрын өтеу шарттары қандай, төлем уақыты бұзылған жағдайда айыппұл қалай есептелетініне назар аударыңыз.
✔ Кепілдігіңіз дайын болсын. Қарыз алу үшін жылжымайтын мүлік, автомобиль, бағалы қағаздар немесе банктегі салым да көмектесе алады. Несие алу үшін кепіл ретінде ұсынатын мүлік өтімді болғаны маңызды.
✔ Қажетті құжаттарды жинап, қаржы ұйымына несие алуға өтінім беріңіз. Несиені мақұлдаған кезде несие шартына қол қоясыз және жобаңызды дамытуға қаражат саласыз.
Анықтама: мемлекеттік қолдауға өтінімді «Даму» Қоры онлайн ресурстар арқылы қабылдайды және ол қызмет тегін, қандай да бір сыйақыны талап етпейді.
«Даму» Қоры мемлекеттік қолдау бағдарламалары жөнінде толық ақпарат алу үшін 1408 нөміріне (колл-орталыққа кез келген өңірден тегін қоңырау шалуға болады) немесе Түркістан қ., Жаңа қала мөлт.ауд., 28 көш., 5 ғим. Тел. +7 (7252) 99-70-49 алуға болады.