«Туған өлке – тұнған шежіре» атты облыстық этнографиялық экспедиция өтті

Шу ауданында Жамбыл облысы аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және «Туған жер» бағдарламасы аясында «Туған өлке – тұнған шежіре» атты облыстық этнографиялық экспедиция өтті.

Экспедицияның негізгі мақсаты – облыс аумағында тұратын этностардың ұлттық дәстүрлерін танып білу, облыстағы көптеген ұлттардың салт-жоралғылары мен дәстүрлерін терең тану, олардың қоғамда ұлтаралық келісім мен шоғырландыру процестеріне оң әсерін, өзектілігін талдау. Іс-шара барысында аудандағы әртүрлі ұлттардың этномәдени бірлестіктерінің тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі таныстырылды. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер өздерінің ұлттық киім үлгілері мен ұлттық тағамдарын көрсетіп, ұлттық би билеп, музыкалық аспаптарында ән шырқады. Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері ауданымызда көптеген ұлттың бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанын зор мақтанышпен жеткізді. Айта кетейік, аталмыш экспедиция қараша айының 27-і не дейін облыс аумағындағы 10 аудан мен Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларын аралайтын болады. Экспедиция облыс көлемінде тұратын этностардың этнография саласындағы үлттық дәстүрлері бойынша біліктіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

«Туған жер – туған ел» бағытындағы шараға келген экспедициялық топ Шу ауданындағы алты этномәдени орталықтарының дәстүріне сіңген бай рухани мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізуге ықпал ететін салт – дәстүрлерімен танысып шықты.

Бұл экспедицияның зерттеу аймағында тиісті бағыттарда материалдарды жинақтау үшін белгіленген үздіксіз «сызықты» бағдар бойынша этнографиялық зерттеудің «Бағдарлау әдісін» пайдаланбақшы.

Ал, жобаны іске асырудың жоспарланған мерзімі үш жыл, яғни 2018 жылдан 2020 жылға дейін есептелген.Үстіміздегі жылы әлеуметтік эерделеулер, бейнесюжеттер, фотоальбомдар шығару жұмыстары кезең – кезеңмен жүргізілетін болса, 2019 жылы этностардың дәстүрлерінің ерекшеліктерін ұйымдастыру, ал 2020 жылы Жамбыл облысы этностарының дәстүрлері Энциклопедиясының 800 данасын шығару және интерактифті карта құрудың тұсау кесері жоспарлануда.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444