Қалдықсыз технология қолданылады

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Мұнда көбіне көкөніс, жеміс жидек өсірумен айналысатын шаруашылықтар мен жылыжай кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалар көп. Аудандағы «База — Servis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2,5 гектар  аумақта орналасқан ауылшаруашылық өнімдерін сақтау қоймасы мен  көкөніс өнімдерін консервілеу цехы жұмысын жандандырып отыр.  Жалпы құны 1 миллиард 200 миллион теңгені құрайтын қоймаға  серіктестік 900 миллион  теңгені жеке қаражаты есебінен шығарса, 300 миллион теңгені несие алу негізінде жүзеге асырыпты. Қойманың сыйымдылығы 10 мың тоннаны құрайды. Кәсіпорынның  консервілеу цехы айына 60 мың шыны ыдысқа өнім жабуға қауқарлы. Серіктестікте бүгінде 20 адам тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Аталмыш жоба өңіріміздегі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасының шарапатын көрген жобалардың бірі. «База-Service» ЖШС-нің консервілеу цехы бар көкөніс және жеміс сақтау құрылысы кезінде қарқынды жүргізіліп, жоғары технолгиямен жарақтандырылған болатын. Кәсіпорын қалдықсыз технология бойынша жұмыс жасайды. Бүгінде шыны ыдысқа жабылған көкөніс өнімдеріне сұраныс артып отыр. Әсіресе солтүстік облыстардан тапсырыс көптеп түседі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444