«Даму» Қоры: Жеңіл несиені қалай алуға болады?

Бұл – біздің әлеуметтік желілерде жиі қойылатын сұрақ. Қор жүзеге асыратын барлық бағдарламалар шарты жариялы, ғаламтордан тауып алу да қиын емес. Damu.kz ресми сайтымызда да бар. Дегенмен, жеңіл несиеге барар жолдың алғашқы қадамдарын талдап жазар болсақ:

  • Қор жеке тұлғалармен жұмыс істемейді. Қордың миссиясы – микро/шағын және орта кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Сондықтан заңды тұлға болуыңыз шарт.
  • Тіркеген жеке кәсіпкерлік нысаныңыз кемінде 6 ай жұмыс істеп, салық уақытылы, ашық түрде төленуі керек. Басқа да есептілік құжаттарда мін болмасын.
  • Есеп айырысу шотын ашатын банк таңдаңыз.

Несие алу үшін өтінім бергенде жобаңызды сауатты жасап, оны қорғау маңызды. Онда барлық кіріс-шығын, өзін-өзі қай уақытта ақтап, таза пайда түсе бастайтыны айқын көрсетілуі тиіс.

Бизнесіңізге қай мемлекеттік бағдарлама ыңғайлы екенін анықтай алмасаңыз Қордың өзіңіз тұратын өңір орталығындағы филиалға келіңіз. Менеджерлер көмектеседі. Филиалдар мекенжайын damu.kz сайтының бас бетінен табасыз.

Банктен сіз несие сұрасаңыз, олар сізден кепілдік сұрайтынына да дайын болыңыз. Оған мүлік, көлік, құнды қағаздар немесе депозит жарайды. Ең бастысы – ұсынатын кепілдігіңіз сұратқан сомаңыздың біраз бөлігін болса да жабатын болуы шарт. Кепілдігіңіз жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қоры несие сомасының 50 немесе 85 пайызына тең келетін кепілдік ұсынатынын біліңіз.

Қазіргі қызмет көрсету дәстүрінің беталысын осылай сипаттауға болады. Бұл – ыңғайлы, шығын шықпайды, уақыт кетпейді. Сұраныс өскен сайын онлайн қызмет көрсету саласында технологиялар да дамып келеді. Барлық қызметтерін автоматтандыруды 2016 жылдан бастаған «Даму» Қоры да бұл үрдістен тысқары емес. Қазір несиені субсидиялау немесе Қордың кепілдігін алу үшін филиалымызға келіп, кезек күтудің керегі жоқ. Уақытыңызды үнемдеңіз. Өтінімді үйде отырып-ақ беріңіз.

Ол үшін елдің қай өңірінде отырғаныңыз маңызды емес. Цифрлық қолтаңба кілтіңіз бен интернет болса жеткілікті. «Даму» Қорының қолдау құралдарын Online.Damu.kz порталына кіріп тауып аласыз.

Неден бастайсыз? Қадам-қадаммен түсіндірейік:

Алдымен https://online.damu.kz/ порталына тіркеліңіз. Одан кейін «Өтінім беру» нүктесін басып, арнайы форманы толтырасыз. Қажетті құжаттарды қоса жүктейсіз.

Өтініміңізге цифрлық қолтаңба кілт көмегімен қол қоясыз.
Сіз жіберген өтінім автоматты түрде «Даму» Қорының қарауына түседі.
Өтінім берген кәсіпкер жеке кабинеттен оның қай деңгейде қаралып жатқанын бақылай алады. Статус өзгерген сайын sms-хабарлама келіп тұрады.

«Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!

Осы бағдарлама туралы және басқа мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы толық ақпаратты damu.kz веб-сайтынан және Түркістан қ., Жаңа қала мөлт.ауд., 28 көш., 5 ғим.  Тел. +7 (7252) 99-70-49 алуға болады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444