ТҰТЫНУШЫНЫҢ ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАН (КӨРСЕТІЛГЕН   ҚЫЗМЕТТЕН) КЕМШІЛІКТЕР ТАБЫЛҒАН КЕЗДЕГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 35 бабына сәйкес тұтынушы орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктер табылған кезде өз таңдауы бойынша:
1) орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді өтеусіз жоюды;
2) орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) үшін сыйақыны тиісті мөлшерде азайтуды;
3) сапасы дәл сондай біртектес материалдан басқа затты өтеусіз жасап беруді немесе жұмысты қайта орындауды (қайта қызмет көрсетуді);
4) тұтынушылардың кемшіліктерді жою құқығы шартта көзделгенде, оларды жоюға арналған өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы.
Егер орындаушы орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаса не егер жұмыста (көрсетілетін қызметте) шарт талаптарынан ауытқулар немесе жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) өзге де кемшіліктер айтарлықтай және жойылмайтындай болса, тұтынушы шартты бұзуға және залалды өтеуді талап етуге құқылы.

 

Шымкент қаласы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаментінің

бас маманы А.Нұрғали

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444