Бизнеске арналған жеңілдетілген несиелер!

Бүгінгі күні банктер кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына белсенді қатыса бастады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларының негізгі операторларының бірі болып табылады.

Кәсіпкерлікті қолдаудың танымал бағдарламаларының бірі – «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы», оның аясында «Даму» Қоры кәсіпкерлерге қолдаудың екі түрін ұсынады: субсидиялау және кепілдік беру.

Ұлттық жоба бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау – субсидиялар арқылы жобалық қаржыландыруды ала алады. Несиенің максималды сомасы және мемлекеттік субсидиялар мөлшері жобаның орналасқан жеріне байланысты.

Егер сіз моно және шағын қалада немесе ауылда кәсіпкерлікпен айналысатын болсаңыз, онда сауда саласындағы қызметті қоспағанда, мемлекеттік бағдарлама бойынша салалық шектеусіз 20 миллион теңгеге дейін несие ала аласыз (азық-түлік саудасына рұқсат етіледі). Бұл жағдайда сіз үшін несие бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 5% ғана болады.

Егер жоба Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында іске асырылса кәсіпкердің қызметі экономиканың басым секторларына тартылуы керек. Бұл бағытта несиенің максималды сомасы 3 миллиард теңгеден аспайды, ал сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6 пайыз деңгейінде болады. Сондай-ақ моно және шағын қалаларда немесе ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті қолдауды салалық шектеусіз 1,5 млрд теңгеге дейінгі несие сомасына қарастырады.

Несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету үшін кәсіпкерлер банкке несие рәсімдеу керек, содан кейін несиенің мақұлдауын алғаннан кейін «Даму» Қорына өтінішпен жүгінеді.

Екінші құрал – жобаның ішінара кепілдігі. Қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер несие бойынша кепілдік бере алады, яғни кәсіпкер несие алу үшін банкке жүгінген және оның кепілі жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қоры өз кепілдігін бере алады, несие сомасының 50% -85% дейін кепілдің орнына әрекет етеді.

Қолдау бағдарламаларына қатысуға EGOV электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беруге мүмкіндік туды. Жеке Online.Damu.kz платформасы іске қосылды, онда кәсіпкер ЭСҚ арқылы Субсидиялау және кепілдендіруге өтініш береді.  Енді аудандардан келген кәсіпкерлеріміз облыс орталығына келіп, құжат тапсырып, келісім-шартқа отырудың қажеті жоқ. Электронды цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы жеткілікті.

Осы сәтті пайдалана отырып, Түркістан облысының кәсіпкерлеріне бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына белсенді қатысуға шақырамын.

Автор: Түркістан облысы бойынша «Даму» Қоры филиалының директоры Қанлыбаев Мугазан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444