Ордабасыдағы өндіріспен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Надежда Жұмаділдаева Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында болып, бірқатар өндіріс орындарын, әлеуметтік нысандарды аралады. «Александровский сад» ЖШС қарқынды бауы 17 гектар жерге орналасқан. Жаңа технологиямен тамшылатып суару әдісі арқылы егілген бауды баптаумен бүгінгі таңда 30 адам айналысуда. Надежда Жұмаділдаевамен кездесу барысында серіктестік директоры Бахтияр Тағаев егіс алқабын ұлғайтуды жоспарлайтынын атап өтті. 2017 жылы жалпы инвестициялық құны 1,5 млн. тг құрайтын «2 гектар жерге 200 дана жаңғақ көшетін отырғызу» жобасын іске асырғанын да тілге тиек етті.
Сондай-ақ, Парламент депутаты Бөржар ауыл округі Теспе ауылындағы мектеп құрылысына аялдады. Білім беру нысаны биылғы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Теспе ауылын табиғи газбен қамту құрылысы да депутат ханымның назарынан тыс қалмады. Надежда Жұмаділдаева мектептің жылу жүйесін көгілдір отынға ауыстыру бойынша аудан тарапынан қандай шаралардың қабылданғанын сұрады. Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев газ құрылысы толық қабылданған соң, бірінші кезекте мектептің жылу жүйесі ауыстырылатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар ауданға сапары барысында Парламент депутаты аудан орталығындағы «Аққу» бөбекжай балабақшасы мен Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайында болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444