Тамшылатып суғарудың тиімділігі көп

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылдық округіндегі дәнді-дақыл мен жеміс-жидек өндірумен айналысатын «Аманкелді» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде тек ауданда ғана емес облыстағы іргелі кәсіпорындардың бірі. Серіктестік бүгінде 2322 гектар жерді баптап, пайдаға асырып отыр. Мұнда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қожалық 2005 жылы арнайы тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие болған. Шаруашылықтың жұмысын ілгерілетіп отырған кәсіпкер тамшылатып суару әдісінің арқасында шығын азайып, өнім көлемі артқанын айтады. Мәселен, алма, шабдалы, шие, алхоры, өрік, алмұрт, жүзім өнімдерінен 2017 жылы 14 миллион теңге табыс тапқан. Биыл да бұдан артық болмаса, кем болмайтынын тілге тиек етіп отыр. Көктемде серіктестік Астананың 20 жылдығына – 20 тонна шие сыйға тартқан болатын. Ал Алматының апортынан кем емес алмасына тапсырыс берушілер көп. Бұдан бөлек шабдалы, алхор, өрік, алмұртқа деген сұраныс та ешуақытта төмендеген емес. Қайта арта түспесе кеміген емес. Осылайша амангелділіктер алдағы уақытта дәмі де жоқ, иісі де жоқ Қытайдың алмаларын нарықтан түре қуып шықпақ. Қазығұрт ауданында жалпы қарқынды бау көлемі 242 гектар болса, биылдың өзінде 80 гектар жерге егілді. Жылыжайлардың өзі бір ауданда 117 гектар, ал биыл 30 гектар қосылып отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444