Бөгенде бизнеске бөгет жоқ

Бәйдібек ауданындағы Бөген өзенінің төменгі сағасына орналасқан Сарқырама, Шалдар, Екпінді, Шаян өзенінің бойына қоныстанған Жиенқұм елді мекендері Бөген ауыл округіне қарайды. Мал шаруашылығы саласында да еңбекке деген құлшыныс жоғары болды. Өйткені табыс көзінің 60-70 пайызы осы шаруашылық саласынан алынатын. Мал шаруашылығын дамытуға үлкен үлес қосқан Керімбек Мамановтың әр ісекті етке 94 килодан тапсырғаны аңызға айналды. Нарық заңына икемделіп ауылға береке әкеліп отырған «Атамекен-Сарқырама», «Шоңай» ұжымда-ры асыл тұқымды мал шаруашылығын өркендетуде. «Назар», «Сәрсен», «Махамбет» шаруашылықтары-ның жетекшілері Д.Ахметов, Д.Әбіш, А.Біржан, М.Нұрмаханбетов, Н.Пернебеков, Е.Бекеев, Б.Ахметов,Ж.Тұяқбай, Ш.Қожабаев ауыл тұрғында-рына үнемі жәрдем көрсетуде. Шалғай ауылдарда бұрын-соңды болмаған ғимараттар салынып, тұрғын-дардың игіліктеріне берілді. Бұрын Бөген ауыл округі аумағында бір ғана типтік мектеп болса, қазір Екпінді, Жиенқұм, Сарқырама ауылдарына жаңа мектептер салынды. Округ орталығында аурухана, барлық елді мекендерде жаңа үлгідегі медициналық тірек пункттері бар. «Таза су» бағдарламасы бойынша Шалдар, Сарқырама ауылдарына ауыз су құбырлары тартылса, қалған елді мекендерге де осы жүйе жүргізілмек таяу жылдарда. Ал Сарқырама, Шалдар, Екпінді ауылдарына көгілдір отын-газ берілмек. Ауылдардың ішкі жолдарын асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бөген ауыл округі аумағындағы ел игілігіне берілетін істер жүйелі іске асырыла бермек.

 

Бағдат ҚАЛАУБАЙ

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444