Нәтижелі көрсеткішке қол жеткізген
Бәйдібек ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс бөлмесінде өткен кезекті кеңейтілген аппарат мәжілісінің күн тәртібінде «Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының индикаторлық көрсеткіштерінің 8 айдың қорытындысы мен 9 айдың күтілімі туралы» және осы аралықтағы ауылшаруашылығы саласының жұмысы тыңдалды.
Алғашқы мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің бас маман-есепшісі Балзия Утемалиева хабарлама жасады.
Биылғы жылға 35 нысаналы индикаторлар мен 61 тікелей нәтижелі көрсеткіш жоспарланса, дербес бөлімдердің және статистикалық ақпараттар негізінде жасалған талдау нәтижесін сараптай келе 8 айдың индикатор мен 2 тікелей нәтижелі көрсеткішке қол жеткізілген. Оның екеуі ауылшаруашылығы саласы бойынша, біреуі денсаулық саласына қатысты.
Ал, «Аудандағы ауылшаруашылығы саласындағы 8 айдың қорытындысымен атқарылған жұмыстардың барысы және саладағы өзекті мәселелер туралы» аудандық ауылшаруа-шылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметов айтып берді.
Баяндамашы алдымен егістік жерлердің игерілуін баяндады. Бұл бой-ынша 8 айдағы жоспар 91732 гектар болса, нақты игерілгені 80786,7 гектар (81%), Алғабас – 49,5%, Жамбыл – 63,1%, Борлысай – 77,6%, Ағыбет – 84,0% орындалған.
Аудан әкімі Бақытбек Танагөзов тиісті ауыл округінің әкімдеріне нақты тапсырма жүктей отырып, бөлім басшысына да бірлесе, жұмысты жүйелі орындауды тапсырды. Егістік жерлердің электронды картаға ендірілуі жөніндегі тапсырманы аяқтауды қадап айтты.